13 маусымға қараған түні Израиль Иранның нысандарына соққы берді. Әскери операцияның басты мақсаты – Иранның ядролық объектілері.
Фото: РИА Новости
ERNUR.KZ. Израиль өз елшіліктерінің бүкіл әлемдегі жұмысын уақытша тоқтататты, деп жазады ulysmedia.kz.
Haaretz газетінің мәліметінше, Израиль сыртқы істер министрлігіндегі дереккөздер бұл шешім Иранға қарсы әскери операцияға байланысты қабылданғанын хабарлаған.
Бүкіл әлемдегі Израиль елшіліктері консулдық қызмет көрсетуді тоқтатады. Сонымен қатар, бірқатар елшіліктердің ресми сайттарында жарияланған мәлімдемелерге сүйенсек, Израиль шетелдегі азаматтарына сақтық шараларын күшейтіп, қоғамдық орындарда еврей немесе израильдік рәміздерді көрсетпеуге кеңес беруде.
13 маусымға қараған түні Израиль Иранның нысандарына соққы берді. Әскери операцияның басты мақсаты – Иранның ядролық объектілері.
Қазақстандық саясаттанушы Андрей Чеботарев Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымы Израиль мен Иран арасындағы қақтығысқа реакция білдіреді деп есептейді.