Ғалымдар күндегі қуатты жарқылдар төмендеудің орнына күшейіп жатқанын анықтады

0
121

1 маусым мен 31 тамыз аралығында құралдар М класындағы 80-нен астам қуатты жарқылды тіркеген.


Ғалымдар күндегі қуатты жарқылдар төмендеудің орнына күшейіп жатқанын анықтады

Сурет: pexels

ERNUR.KZ. Ғалымдардың мәліметінше, 2026 жылдың жазында Күндегі қуатты жарқылдар саны өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артқан. Ал негізінде мамандар бұл кезеңде Күн белсенділігі төмендейді деп күткен еді, деп жазады zakon.kz.

Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, 1 маусым мен 31 тамыз аралығында құралдар М класындағы 80-нен астам қуатты жарқылды тіркеген.

"Күн циклі белсенділігінің төмендеуіне қатысты болжамдарға қарамастан, 2026 жылдың жазында бір жыл бұрынғыдан 30 пайызға көп қуатты жарқыл болды. 1 маусым мен 31 тамыз аралығында Күнде М деңгейіндегі және одан жоғары 82 қуатты жарқыл тіркелді. Оның ішінде ең жоғары X класындағы үш жарқыл болды", – деді зерттеушілер.

2025 жылдың осы кезеңінде қуатты жарқылдар саны 62 болған. X класындағы жарқылдар да аз тіркелген.

Көпшілік арасында Күндегі жарқылдардың саны мен геомагниттік белсенділік арасында тікелей байланыс бар деген пікір болғанымен, биыл керісінше жағдай байқалды.

"2026 жылдың жазында магниттік дауыл болған күндер саны екі есе азайды: 9 күн, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 18 күн болған. Биылғы жаздағы ең күшті дауыл 4 шілдеде тіркеліп, Kp=7,3 деңгейіне жетті. Ең жоғары көрсеткіш – Kp=9,0. Ал өткен жылы 1 маусымдағы ең күшті дауыл Kp=8,0 деңгейінде болған", – деп хабарлады Күн астрономия зертханасы.

Зертхана мәліметінше, күзді Күн әзірге салыстырмалы түрде тыныш күйде қарсы алып отыр. Қазіргі уақытта жарқылдар да өте аз.

Бұл тыныштық күздің үш айы бойы сақтала ма, оны ғалымдар әзірге нақты айта алмайды. Бір қызығы, 2025 жылы жылдың ең күшті жарқылдары дәл күзде – 11 және 14 қарашада болған.

Бұған дейін сарапшылар магниттік дауылдардың не екенін, олардың қалай пайда болатынын және адамға қалай әсер ететінін түсіндірген болатын.