Эксклавтың 41 мыңнан астам тұрғыны зардап шекті.
     ERNUR.KZ.  Израиль әскерінің қоршауында қалған Газа секторына жасаған шабуылдан қаза тапқандар саны 15 523-ке жетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Anadolu агенттігінің жазуынша, бұл туралы Газа секторы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ашраф әл-Кудра мәлімдеді.
Әл-Кудраның айтуынша, сонымен қатар эксклавтың 41 мыңнан астам тұрғыны зардап шекті.
Палестиналық шенеунік сонымен қатар Газа секторында Израиль күштері ұстаған «Әл-Шифа» ауруханасының директоры мен 31 медицина қызметкерінен жауап алынғанын атап өтті.
Еске салайық, 7 қазанда таңертең ХАМАС қозғалысының әскери Израильге қарсы зымыранмен атқылаған. Артынша Израиль армиясы «соғысқа әзірлік» жариялап, ал 8 қазанда елдің «соғыс жағдайына» кіргенін ресми түрде жариялады. Бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан израильдік операция «Темір қылыштар» деп аталды.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
