​Филиппинде 5,8 магнитудалы жер сілкінісі болды

0
129

Филиппин Тынық мұхитының «отты белдеуінде» орналасқан, бұл — әлемдегі сейсмикалық тұрғыда ең белсенді аймақтардың бірі.


​Филиппинде 5,8 магнитудалы жер сілкінісі болды

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. Филиппиннің солтүстігіндегі Илокос-Норте провинциясында 5,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп жазады inform.kz.

Филиппиннің Вулканология және сейсмология институтының хабарлауынша, жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен шамамен 10:30–да болған.

Эпицентрі Пасукин муниципалитетінен солтүстік-батысқа қарай 29 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 27 шақырым тереңдікте.
Қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.
Жер сілкінісі көршілес Кагаян, Илоко-Сур, Исабела және Абра провинцияларында да сезілген.
Жерасты дүмпулерінен кейін цунами туралы ескерту жарияланған жоқ.
Филиппин Тынық мұхитының «отты белдеуінде» орналасқан, бұл — әлемдегі сейсмикалық тұрғыда ең белсенді аймақтардың бірі. Сондықтан мұнда мұндай табиғи құбылыстар жиі болып тұрады.