Дәрігер өлді деп таныған сәби мәйітханадан тірі табылды

0
108

АҚШ-тың Аризона штатындағы Гилберт қаласында дәрігер қайтыс болды деп жариялаған бір жарым жасар сәби бес жарым сағаттан кейін аурухананың мәйітханасынан тірі табылды.


Дәрігер өлді деп таныған сәби мәйітханадан тірі табылды

Фото: magnific.com
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Аризона штатында дәрігер қайтыс болды деп таныған бір жарым жасар сәби бірнеше сағаттан кейін мәйітханада тірі екені анықталды. Оқиға салдарынан бала миына зақым алып, іс прокуратураның қарауына жіберілді, деп жазады Stan.kz.

АҚШ-тың Аризона штатындағы Гилберт қаласында дәрігер қайтыс болды деп жариялаған бір жарым жасар сәби бес жарым сағаттан кейін аурухананың мәйітханасынан тірі табылды.

Оқиға ақпан айында болған. Бала отбасының бассейнінен табылып, суға кетуге шақ қалғаннан кейін Mercy Gilbert медициналық орталығына жеткізілген. Алайда дәрігер Ариан Туси (Aryan Toosi) сәбиді қайтыс болды деп таныған. Полиция есебіне сәйкес, дәрігер мұндай шешім қабылдар алдында медбикелердің бірі баланың тамыр соғысы бар екенін айтқан. Сондай-ақ полиция қызметкері дәрігерге бұл туралы ескерткенімен, дәрігер оның сөзін елемей, өз шешімінде қалған.

Одан кейінгі бір сағат ішінде полиция қызметкерлері баладан бірнеше рет өмір белгілерін байқаған. Олардың айтуынша, сәби дем шығарғандай дыбыс естіліп, кейін ауа жетпегендей тыныстаған. Мәйітханаға жеткізілгеннен кейін де дәл осындай белгілер қайталанған.

Сол күні кешкі сағат 23:52-де мәйітті алып кетуге келген сот-медициналық қызметкерлері баланың тыныс алып жатқанын анықтаған. Осыдан кейін сәби тікұшақпен Финикстегі балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер жүргізген магниттік-резонанстық томография нәтижесінде баланың миы зақымданғаны белгілі болды. Мамандардың айтуынша, оған өмір бойы арнайы күтім қажет болады.

Mercy Gilbert ауруханасы оқиғаны "қайғылы жағдай" деп атап, ішкі тексеру жүргізілгенін және мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін медициналық көмек көрсету тәртібіне өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді. Ал дәрігер Ариан Тусидің адвокаты бұл іске қатысты түсініктеме беруден бас тартты. Оның айтуынша, оқиғада көпшілікке жарияланбаған маңызды медициналық жайттар бар. Қазір іс Аризона штатының Марикопа округі прокуратурасында қаралып жатыр.