Бортта жеті адам болған.
Фото: MOD Russia / Globallookpress.com
ERNUR.KZ. Ресейдің Иваново облысында Ан-22 ұшағы құлады. Бортта жеті адам болған, деп жазады stan.kz.
Төтенше жағдай орнына құтқарушылар барған.
Ұшақ Уводь су қоймасы маңында құлағаны белгілі болды. Оның бөліктері судың үстінен табылған. Ан-22 ұшағы жөндеуден кейін жоспарлы сынақ ұшуын орындап жүрген.
ТАСС дерегінше, дәл осы жоспарлы ұшу кезінде апат орын алған.
Бұған дейін, қараша айында Ресейде Су-30 әскери ұшағы құлап, экипаждың екі мүшесі қаза тапқан еді.


