Боливияда жоғалып кеткен ұшақтың ұшқышы мен жолаушылары аман-есен табылды

0
121

Ұшақ бортында бес адам болған, олардың арасында медициналық көмек алу үшін аймақ орталығына жіберілген бала да бар.


Боливияда жоғалып кеткен ұшақтың ұшқышы мен жолаушылары аман-есен табылды

Сурет: EL Deber
ERNUR.KZ. Боливияның солтүстігінде жоғалып кеткен жеңіл әуе кемесінің ұшқышы мен жолаушылары аман-есен табылды. Бұл туралы El Deber газеті жергілікті билікке сілтеме жасап жариялады, деп жазады BAQ.KZ.

Бени департаментінің Төтенше жағдайлар орталығының директоры Уилсон Авиланың мәліметінше, адамдар Педро Игнасио Муиба көпірінің маңынан табылған. Балықшылар олардың көмек сұрап айқайлағанын естіп, тиісті органдарға хабар берген.

“Құдайға шүкір, олар тірі. Қазір біз арнайы құрал-жабдықпен, оның ішінде шынжырлы арамен келіп жеттік. Бүгін оларды эвакуациялаймыз, – деді Авила.

Алайда эвакуациялау жұмыстары аймақтың табиғи және географиялық ерекшеліктеріне байланысты күрделі жағдайда жүргізілуде. Ұшақ бортында бес адам болған, олардың арасында медициналық көмек алу үшін аймақ орталығына жіберілген бала да бар.

Еске салайық, жолаушылар ұшағы 1 мамырда радардан жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын. Әуе кемесі Амазонка ормандары үстінен ұшып бара жатқанда байланыс үзілген. Іздеу операциясына Боливияның әскери-әуе күштері (FAB), төтенше жағдайларды жою жөніндегі бірлескен қолбасшылық және құтқару қызметтері жұмылдырылды.