БАӘ астанасында шабуылдан соң ірі зауыт өртенді

0
137

​Абу-Дабидегі Borouge мұнай-химия кешеніне шабуылдан кейін өрт шықты. Кәсіпорын жұмысы тоқтатылып, шығын көлемін бағалау басталды.


БАӘ астанасында шабуылдан соң ірі зауыт өртенді

ERNUR.KZ. БАӘ астанасы Әбу-Дабидегі Borouge мұнай-химия кешеніне жасалған шабуыл салдарынан өрт шықты, деп жазады baq.kz.

Абу-Даби үкіметінің медиа-кеңсесі таратқан мәліметке сәйкес, әуе қорғаныс жүйелері шабуылдың бетін қайтарған. Алайда құлаған сынықтар кешен аумағының бірнеше жерінде өрттің тұтануына себеп болған.

Әлеуметтік желідегі америкалық X компаниясындағы медиа-офис мәлімдемесінде оқиғадан кейін кәсіпорын жұмысы дереу тоқтатылып, келтірілген шығынды бағалау жұмыстары басталғаны да айтылған.

Апаттық-құтқару қызметтері өртті сөндіруге жедел кіріскені хабарланды. Қазіргі уақытқа дейін қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Үкімет өкілдері жағдайға қатысты жаңа мәліметтер түскен сайын жұртшылыққа хабарлап отыратынын жеткізді.