​Әзербайжан астанасындағы киностудияда жарылыс болды

0
106

Қазіргі таңда қауіпсіздік шаралары қолға алынып жатыр.


​Әзербайжан астанасындағы киностудияда жарылыс болды

Фото: trend.az

ERNUR.KZ. Бакудің Ясамал ауданында орналасқан Дж.Джаббарлы атындағы киностудияның пиротехника қоймасында жарылыс болды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті, деп жазады inform.kz.

Әзербайжан Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда қауіпсіздік шаралары қолға алынып жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, азаматтар арасында зардап шеккендер жоқ, жарылыс болған аймақты полиция бақылауға алды. Өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді.