​Ауғанстандағы су тасқынынан 77 адам көз жұмды

0
152

Су тасқыны мен көшкіннен ел астанасын аймақтармен байланыстыратын негізгі магистральдар да қирады.


​Ауғанстандағы су тасқынынан 77 адам көз жұмды

Фото: NBC

ERNUR.KZ. Ауғанстан билігі соңғы он күнде толасыз жауған жаңбыр су тасқыны мен көшкін тудырып, салдарынан 77 адам қаза тауып, тағы 137 адам жарақат алғанын хабарлады, деп жазады inform.kz.

Апаттарға қарсы күрес басқармасының мәліметінше, табиғи апат елге үлкен зиян келтіріп, 793 үй толығымен қирап, тағы 2673 баспана бүлінді. Сондай-ақ су тасқыны шамамен 337 шақырым жолды бұзып өтті. Кәсіпорындар, ауыл шаруашылық жерлері мен суару жүйелері зардап шекті, бұл 5800-ден астам отбасына әсер етті.

Синоптиктер алдағы күндері де ел бойынша ауа райы жауын-шашынды болатынын хабарлады. Осыған байланысты билік тұрғындарды су тасқыны қаупі бар өзендер мен аудандардың жағалауларынан аулақ болуға шақырды.
Су тасқыны мен көшкіннен ел астанасын аймақтармен байланыстыратын негізгі магистральдар да қирады.
Ең кедей елдердің бірі және ауа райының қолайсыздығына өте осал Ауғанстанда мұндай апат алғаш рет емес. Елде бұған дейін қалың қар жауып, су тасқынынан біраз адам мерт болған.