Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 800-ге жетті

0
105

Жер сілкінісінің магнитудасы – 6,0. Эпицентрі Джелалабад қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде, Пәкістан шекарасына жақын аймақта болған.


Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 800-ге жетті

ERNUR.KZ. Ауғанстанның шығысында болған жойқын жер сілкінісінен 800-ден астам адам көз жұмып, 3000-нан астамы жараланды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп жазады baq.kz.

АҚШ Геологиялық қызметінің дерегінше, жер сілкінісінің магнитудасы – 6,0. Эпицентрі Джелалабад қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде, Пәкістан шекарасына жақын аймақта болған. Ошақ тереңдігі небәрі 8 шақырымды құрады.

Кунар провинциясындағы төрт ауыл толығымен қирап, бірнеше ауыл ішінара бүлінген. Телекоммуникациялық байланыс үзілгендіктен құтқару жұмыстары қиынға соғып отыр. Ауғанстан Қорғаныс министрлігі жедел әрекет ету топтарын шығыс аймақтарға жібергенін мәлімдеді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, халықаралық ұйымның елдегі өкілдері көмекке жұмылдырылғанын жеткізді. Иран да Кабулға көмек ұсынатынын жариялады.

Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айында Ауғанстандағы 6,3 балдық жер сілкінісінен кемінде 4000 адам қаза тапқан еді.