Жапа шеккендердің арасында балалар бар.
                ERNUR.KZ.  Ауғанстанның ішкі істер министрлігінің жанында жарылыс болып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».Тағы 10 тұрғын жарақат алды. Жапа шеккендердің арасында балалар бар. Террорлық әрекет жергілікті уақытпен таңғы 7 жарым шамасында болды. Әзірге оны қандай қарулы топ ұйымдастырғаны белгісіз. Қазір содырлар іздестіріліп жатыр.            
        
                        
                        
                    
