​АҚШ-тың US Steel болат құю зауытында жарылыс болды

0
140

Пенсильвания губернаторы Джош Шапиро әкімшіліктің қала билігімен тығыз байланыста екенін жеткізді.


​АҚШ-тың US Steel болат құю зауытында жарылыс болды

Фото: WTAE

ERNUR.KZ. CBS News телеарнасының хабарлауынша, Клэртон қаласындағы (Пенсильвания штаты) US. Steel компаниясының болат құятын зауытында болған жарылыстан бірнеше адам жарақаттанды, деп жазады inform.kz.

Құтқару қызметі оқиға туралы жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де хабар алды.

Пенсильвания губернаторы Джош Шапиро әкімшіліктің қала билігімен тығыз байланыста екенін жеткізді.
- Пенсильвания штатының төтенше жағдайлар қызметі мен полиция жедел әрекет ету қызметтерімен тығыз байланыста отыр және оларға барлық қажетті көмектерді ұсынуға дайын, - деп жазды губернатор X әлеуметтік желісінде.