АҚШ 30-дан астам елдің азаматтарына кіруге шектеу енгізбек

0
82

​Бұған дейін оның саны 12 ел болған.


АҚШ 30-дан астам елдің азаматтарына кіруге шектеу енгізбек

Фото: Freepik

ERNUR.KZ. АҚШ-қа кіре алмайтын мемлекет азаматтарының тізімі кеңейіп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм мәлімдегендей, 30-дан астам елдің азаматына АҚШ-қа саяхаттауға шектеу қойылмақ.

Маусым айында президент Дональд Трамп 12 Америкаға елдің азаматтарының кіруіне тыйым салып, тағы жеті елдің азаматтарының кіруін шектеу шараларын қабылдаған. Тыйым туристерге, студенттерге және іскерлік сапармен келетін адамдарға да қатысты.

«Егер елде тұрақты үкімет болмаса, азаматтарын бақыламай, тексеруге көмектеспесе, сол елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге рұқсат беруге болмайды», - деген еді Трамп.

Вашингтонда Ұлттық гвардия жауынгерлеріне жасалған шабуыл миграция талаптарының қатаңдауына әсер етті.