Жасөспірім жарым түн шамасында 36-қабат деңгейіне көтерілген кранға шығып кеткен.
ERNUR.KZ. Израильдің Иерусалим қаласында өрт сөндірушілер 15 жастағы жасөспірімді аяқталмаған биік ғимараттың жанында тұрған құрылыс краннан түсіріп алды, деп жазады baq.kz.
Жасөспірім жарым түн шамасында 36-қабат деңгейіне көтерілген кранға шығып кеткен. Оның айтуынша, ол тек қаланы жоғарыдан тамашалағысы келген, алайда сол жерде қалып қойған. Көмек келгенше кран платформасында 9 сағат отыруына тура келген.
Оны байқаған бір тұрғын өрт сөндірушілерге хабар берген. Құтқарушылар кранға көтеріліп, жасөспірімнің басына дулыға кигізіп, арнайы қауіпсіздік белдігін тағып, төменге түсіріп алған.


