​2024 ЖЫЛ: Ұлу жылы бізге не дайындап тұр?

0
2 563

Байқасаңыз, әр жыл өзінің ерекше жаңалығымен келіп жатыр


​2024 ЖЫЛ: Ұлу жылы бізге не дайындап тұр?

Әр жылдың өзіндік ерекшелігі, жаңалығы, өзгерістері болады. Алдағы 2024 жылы сіздің өміріңізге қандай жағдайлар келетінін білгіңіз келсе, нумерологиялық болжамға көз жүгіртіп көріңіз. Бірақ ол үшін алдымен жылдың өзіңізге арналған жеке санын білу керек.

Жылдың жеке санын білу үшін қарапайым есеп жасаймыз. Ол үшін алдымен жыл санын шығарып аламыз:

2+0+2+4=8

Екінші кезекте туған күн, ай, жылыңыздың сандарын жеке-жеке қосып аласыз. Екі таңбалы мән шықса, тағы да бір-біріне қосып, бір таңбалы мәнін алу керек.

Мәселен, 1990 жылдың 29 желтоқсанында дүниеге келсеңіз:

  1. 2+9=11, 1+1=2
  2. 1+2=3
  3. 1+9+9+0=19, 1+9=10, 1+0=1

Үшінші кезекте осы үш есептен шыққан сандарды бір-біріне қосамыз. Бұл жолы да екі таңбалы сан шықса, қайта бір-біріне қосу арқылы бір таңбалы мән шығарамыз.

2+3+1=6

Соңғы этапта осы шыққан мәнді бірінші есептегі жыл санымен қосу керек. 11 және 22 сандары шыққан жағдайда ғана сол күйі қалдырамыз, басқа екі таңбалы сандар шықса, бір-біріне қосу арқылы бір таңбалы сан шығаруды қайталаймыз.

8+6=14, 1+4=5

Нәтижесінде, осы мысалдағы туған күн иесінің 2024 жылдағы жыл саны – 5 болып тұр.

Тура осылай өз есебіңізді жасап алсаңыз, өз жеке саныңызға сәйкес мәнмен танысуға дайынсыз деген сөз.


1 – КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖЫЛЫ

Осы жылы жаңашылдықтар иницаторы боласыз. Өміріңізде көп өзгерістер мен жақсы жаңалықтар орын алады. Өзіңізді дамытуға, өміріңізді сапалы ете түсуге үлкен мүмкіндіктер аласыз. Ойыңызда жүрген барлық бастамаларға батыл түрде кірісіңіз. Кейбір бастаған ісіңіз ұзаққа созылып, нәтижесі көп күттіруі мүмкін, алайда, көңіл қуантарлықтай болатыны анық.


2 – СЕРІКТЕСТІК ЖЫЛЫ

Бұл жыл сізге «Жалғыздың үні шықпас» дегенді ескерткісі келеді. Сәйкесінше, қызметте, кәсіпте серіктестіктерді, жеке өмірде адамдармен жақын араласуды талап етеді. Сондықтан, әріптестермен тату, жаңа таныстықтарға ашық, жанашырларыңызбен бірге болыңыз. 2024 жылда басыңызға жоғары өрлеу мен төмен құлдилау бірнеше рет түсетіндіктен, іш пыстырарлықтай болмайды.


3 – ДИПЛОМАТИЯ ЖЫЛЫ

2024 жыл – сіз үшін қоғаммен қарым-қатынас, әлеуметтік коммуникация басты рөл атқаратын уақыт. Екі жыл бұрын танысып қалған кейбір жандар қайта алдыңыздан шығады. Жоспарларыңызды жүзеге асыруға көптеген мүмкіндіктер беріледі. Жеке өміріңізде шешілмей жүрген мәселелермен бетпе-бет келесіз, енді олардан ешқайда қашқақтай алмайсыз, біржақты етуге тырысыңыз. Талантыңыз бен басқа да қырларыңызды ашуға талпыныңыз, өйткені дәл осы жылы шығармашылықта жетістікке жетуге мүмкіндігіңіз көбіек.


4 – ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК ЖЫЛЫ

Өміріңіздің барлық салаларына мықты іргетас қалауға осы жылы мүмкіндік көп. Сондықтан, ұсақ-түйекке мән бермей, ауқымды мәселелерді қамтуға, үлкен жобаларды қолға алуға тырысыңыз. Сіз атқарауға тиіс бірнеше жұмыс бар, белді буып, жеңді түріп кірісіңіз. Осының бәрімен қатар денсаулығыңыз жайлы да ұмытпай, өзіңізге қамқорлық жасаңыз. Дұрыс тамақтаныңыз, жаттығу жасаңыз және көп демалыңыз.


5 – ӨЗГЕРІСТЕР ЖЫЛЫ

Осы жылы сіздің ортаңыз өзгеруі мүмкін. Басқа үйге, тіпті басқа елдімекен, өзге қалаға көшуіңіз ықтимал. Соңғы бірнеше жылда бастаған жобаларыңызға көз жүгіртіңіз. Егер оларда бәрі жақсы болмаса, қай жерден қате кеткеніңізді іздеңіз, тауып, түзеңіз. Дайын жүріңіз, күтпеген оқиғалар да көп болады.

6 – ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖЫЛЫ

Іскерлік, романтикалық және отбасылық қарым-қатынаста оң өзгерістер орын алады. Бір қарағанда ең жаман жағдай болып көрінгеннің өзі, ақыр соңында сіз үшін жақсы болатынын ұмытпағайсыз.

Өзіңіздің барлық әрекеттеріңізге, сөзіңізге жауапкершілік арқалауға дайын болыңыз. Әсіресе, отбасы алдындағы жауапкершілікке мұқият болыңыз. Кейін жауап бере алмайтындай іс-әрекет, әңгімеге бармаңыз. Себебі, бәрінің есебі жыл соңына дейін-ақ сұралады.


7 – ӨЗІҢМЕН ТАНЫСУ ЖЫЛЫ

2024 жыл – соңғы алты жылда болған оқиғаларды еске түсіретін уақыт. Өзіңіз өзгерте алмайтын нәрселер туралы көп уайымдамай, өзгерте алатын тұстарды қолға алатын кезең. Оңашада өз-өзіңізбен қалуға көбірек мүмкіндік алыңыз. Себебі, өз ішіңіздегі рухани дүниеңізді іздеуге, танысуға тиіссіз. Жалғыздықты сезінбестен жалғыз қалудың құпиясын табуыңыз керек.


8 – ЖЕТІСТІК ЖЫЛЫ

2024 жыл іскерлік және қаржылық операциялар жылы болады. Іскерлік қарым-қатынастарда табысқа жету мүмкіндігі мол болса да, үлкен көлемде ақша жоғалтуыңыз ықтимал екенін есте сақтаңыз. Биыл өнім жылы, соңғы жеті жылда не ексең, соны орып аласың.

Жыл бойы сергек болыңыз, жақсы мүмкіндіктер келеді, жіберіп алмаңыз. Бұл кез келген нәрсені, соның ішінде жылжымайтын мүлікті сатып алуға және сатуға жақсы уақыт болуы мүмкін.


9 – ПАРЫЗДЫ ОРЫНДАУ ЖЫЛЫ

Осы жылы өміріңізде қажет емес кез келген нәрседен, адамнан немесе жағдайдан арылып, жаңа бастамаларға дайын болуыңыз керек. Себебі сіз үшін ыңғайлы емес, пайдасыз жағдайлар мен қарым-қатынастар көбейген. Қарым-қатынастағы кез келген мәселелерді шешу керек, әйтпесе одан ары ұлғайып кетеді. Кейінге қалдырған жобаларыңыз болса, аяқтау маңызды.


11

2024 жыл алдыңғыдан мүлдем өзгеше болады. Іскерлік мәселелерді шешу үшін көп уақытыңызды құрбан етуге дайын болсаңыз, дұрыс пайда алу мүмкіндігіңіз артады. Жеке қарым-қатынаста да икемді болуыңыз керек.

Қолымнан келмейді-ау деген істерге тәуекел етпеңіз, күшіңізді сақтаңыз. Қаңтар - сіз үшін өзіңізді көрсету айы. Ақпан – жылдың қалған бөлігіне берік негіз қалау уақыты. Наурыз өзгерістер мен тосын сыйлар әкеледі. Сәуірде отбасылық мәселелер бірінші орында тұруы ықтимал. Мамыр және маусым айларындағы шыдамдылық материалдық пайда әкеледі. Шілде мен тамыз – өтпелі айлар, қыркүйекте де бірқалыпты тыныштық. Ал 2024 жылдың соңғы үш айы қарым-қатынасқа, өзгерістер орнатуға ұмтылуды, қажырлы жұмысты қажет етеді.


22

Әрине, түрлі саладағы жауапкершіліктеріңізді атқаруды ұмытпау керек. Алайда осы жылы өзіңізге қамқорлықты басты орынға қойғаныңыз дұрыс. Жақсы ниетті достарыңыз бен отбасыңыздың ақыл-кеңестерін тыңдаңыз. Бірақ ең маыздысы – өз ішкі дауысыңызды тыңдауды ұмытпаңыз. 2024 жыл – сіз үшін шабыттандыратын және шығармашылық кезең, армандарыңыз орындалатын уақыт. Қаңтарда кейбір қиындықтар тууы мүмкін, бірақ ақпан айына қарай мұндай жағдайдың басыңызға неге келгенін түсінесіз, өмірлік сабақ аласыз. Наурыз – отбасына қамқорлық айы. Сәуірде жалғыз қалуға және өмірдің құпияларын зерттеуге уақыт бөліңіз. Мамырда сізде қосымша ақша пайда болады, сонымен қатар күтпеген шығындар да орын алады. Маусым мен шілде – бұрынғы жұмыстарды аяқтап, жаңа бастамаларды қолға алатын уақыт. Тамыз және қыркүйек айларында барлық нәрсеге ашық және қабылдаушы болсаңыз, түсінік пен жаңа шабыт келеді. 2024 жылдың соңғы үш айы іскерлік, ұтқырлық танытуды және қарым-қатынас мәселелерін шешуді талап етеді.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Қай ЖҰЛДЫЗдың неге ТӘУЕЛДІ екенін білесіз бе?