Атырау облысындағы ауылда 250 тонна шөп жанып кетті

0
268

4.32 кезінде басталған өрт салдарынан 440 шаршы метр аумақ отқа оранды.


Атырау облысындағы ауылда 250 тонна шөп жанып кетті

ERNUR.KZ. Атырау облысындағы шөп қоймасында ірі өрт шықты, деп жазады Stan.kz.


Бүгін Құрманғазы ауданы Қаракөл ауылының шетіндегі ашық жерде 250 тоннаға жуық қордаланған шөп жанып кетті.

4.32 кезінде басталған өрт салдарынан 440 шаршы метр аумақ отқа оранды.

“Маңайдағы малдың бәрі қауіпсіз жерге айдалды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр”,-деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.