Тіс дәрігері науқастың имплантын қатты бұрап, миына кіргізіп жіберген

0
7 668

Басылым мәліметінше, бурсалық 40 жастағы Рамазан Йылмаздың тісі ауырып, жеке емханаға барған.


Тіс дәрігері науқастың имплантын қатты бұрап, миына кіргізіп жіберген

ERNUR.KZ. Түркияда дәрігер пациенттің тіс имплантын миға бұрап қойған, деп жазады Stan.kz.


Басылым мәліметінше, бурсалық 40 жастағы Рамазан Йылмаздың тісі ауырып, жеке емханаға барған. Тіс дәрігері ауырып тұрған тісін жұлып, орнына имплант орнатуды ұсынды. Науқастың айтуынша, операция кезінде дәрігер медбикеге имплант орнатуға арналған құрылғының ақауы бар деп шағымданған. Сондықтан дәрігер қолмен әрекет ете бастаған.

Тіс дәрігері имплантты қатты бұрап, бас сүйегінің сүйектерін сындырып, миға кіріп кеткен. Йылмаз сықырлаған дыбысты естіген, бірақ дәрігер оның қалыпты екеніне сендіріпті. Содан кейін науқас қатты ауырсынудан айқайлай бастады. Қатені түсінген тіс дәрігері ер адамды ауруханаға жеткізді. Онда Йылмазға өлім қаупі төніп тұрғанын ескертіп, шұғыл ота жасалған.

Ер адам әйелімен, екі баласымен қоштасып үлгерген, бірақ, бақытына орай, ота сәтті аяқталып, миға кірген зат алынды. Ал тіс дәрігері емдеуге алған ақшасын қайтарудан бас тартып отыр.