ТҮРКІСТАН: Түлкібаста жаңа мектеп ашылды

0
881

«Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынған.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста жаңа мектеп ашылды

Түлкібас ауданында жаңа мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданындағы Машат ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылында Конститутция мерекесі қарсаңында жаңа мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді. Осыған дейін Еңбекші елді мекенде мектеп мәселесі бірнеше жылдан бері шешімін таппай келген. Сонымен қатар, аталған білім ошағы «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынған.


Білім нысанының ашылу салтанатына аудан басшысы Нұржан Ізтілеуов арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады. Мерекелік шара, Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрмахан Тұрсынбековке арнап, ескерткіш орнату рәсімімен жалғасты.


Жаңа оқу жылы қарсаңында құрылысы аяқталған мектептің сыйымдылығы 150 оқушыны құрайды. Сондай-ақ жаңа нысан мемлекеттік стандартқа толықтай сай келеді. Оған дәлел, мектепте арнайы 1 лингофон бөлмесі 1 мультимедия бөлмесі бар. Оған қоса, қыздар мен ұлдарға арналған заманауи үлгідегі шеберхана және 13 пәндік кабинеттермен толыққан. Сонымен бірге, мәжіліс, спорт залы, кітапхана, педагог – психологтардың жеке кабинеттері мен 50 орынға шақталған асхана мен медициналық бөлмесі бар.


Түлкібас ауданында халық санының артуына байланысты сондай-ақ балаларды сапалы біліммен қамту мақсатында, Таусағыз ауылындағы "Г.Титов" мектебінің қосымша 150 орындық ғимарат құрылысына және Т.Рысқұлов ауылы, "Бақыбек" мөлтек ауданынан салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылысына қаржы бөлініп, бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.


Сонымен қатар, Ынтымақ ауылы "А.Оразбаева" атындағы жалпы орта мектебінде күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізіліп, биыл пайдалануға беріледі. Ауданда 2023-2025 жылдарға 4 жаңа мектептің және 2 қосымша ғимараттың құрылысын жүргізу жоспарлануда. Оның екеуі жайлы мектеп болады деп күтілуде.