​Түркістан облысында дезинсекция шаралары басталды

0
744

Зиянды жәндіктердің дернәсілдерімен күресу үшін биологиялық дәрілерді суға жіберу әдісін, ал елді мекен, демалыс аумақтарында химиялық өңдеу әдісін қолдану жоспарлануда.


​Түркістан облысында дезинсекция шаралары басталды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 2024 жылға зиянды жәндіктерді дәрілеу шараларын уақытылы өткізуді және ғылыми сүйемелдеуді тапсырған болатын. Осыған орай қазіргі таңда аталған бағыттағы жұмыстар басталып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Зиянды жәндіктердің дернәсілдерімен күресу үшін биологиялық дәрілерді суға жіберу әдісін, ал елді мекен, демалыс аумақтарында химиялық өңдеу әдісін қолдану жоспарлануда. Дезинсекция жұмыстарының нақты жүргізілетін өңдеу алаңы, уақыты, мөлшері, дәрілердің көлемі - ғылыми сүйемелдеудің қорытындысына сәйкес анықталатын болады. Биыл облыста 8 ақпаннан бастап ғылыми сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған бағыттағы жұмыстарды қамтамасыз ету үшін 42 техника, 96 маман жұмылдырылған. Кейін толық дәрілеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында және Отырар, Шардара, Мақтаарал, Келес аудандарында дезинсекция жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп мердігер мекеме ретінде «Satti Tulik» ЖШС анықталған. Ал, ғылыми сүйемелдеу жұмыстарына «Защита-растений-К» мердігер мекемесі жауапты.