ТҮРКІСТАН: Леңгірде газ құбыры жарылып, 2 адам зардап шекті (видео)

0
315

Зардап шегушілердің беттерін күйік шалған.


ТҮРКІСТАН: Леңгірде газ құбыры жарылып, 2 адам зардап шекті (видео)

Түркістан облысы, Төлеби ауданында газ құбыры жарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін, 8 ақпан күні сағат 11:57-де Төлеби ауданы, Леңгір қаласы, Күмістөбе көшесінде орналасқан «Дильда» ЖК-ға қарасты бір қабатты азық-түлік дүкенінде табиғи газ тасымалдайтын құбыр жарылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ақпаратына сүйеніп, ресми мәлімдеме жасады.


Жерасты магистральдық газ құбырының диаметрі 108 мм.


Апат аумағы 60 ш.м. Сағат 12:07-дегі дерек бойынша өрттің өршуі тіркелмеген.


Алайда, жарылыстан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Олар – нысанның 1965 жылы туылған иесі Қалыбаева Г. (10-12% бет күйігі, жағдайы орташа) және 2018 жылы туылған немересі Сейтан.Б. (6-7% бет күйігі, жағдайы орташа).


Ең жақын ӨСБ 5 шақырым жерде орналасқан. Төтенше жағдай орнына отызға жуық құтқарушы мен 7 техника жұмылдырылған.