Шаңғымен тұғырдан секіруден Данил Васильев FIS кубогының жеңімпазы атанды

0
468

Бұл – шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша Қазақстан тарихындағы алғашқы жеңіс.


Шаңғымен тұғырдан секіруден Данил Васильев FIS кубогының жеңімпазы атанды

ERNUR.KZ. Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден өтіп жатқан FIS кубогында қазақстандық спортшы Данил Васильев жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады inform.kz.

Бұл – шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша Қазақстан тарихындағы алғашқы жеңіс.

Сонымен қатар осы жарыста бақ сынаған Канвон-2024 қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерн 15-орынға табан тіреді.

FIS кубогы

1-орын – Қазақстан - Данил Васильев - 249.4 ұпай

2-орын – Германия - Мартин Хамам - 247.5 ұпай

3-орын – Австрия - Ульрих Волгенант - 246.5 ұпай

Аталған додаға 13 елден 78 спортшы қатысып жатыр. Жарыс бүгін аяқталады.