«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: Сарыағаш жастары 101 жастағы ардагердің ауласын тазалады

0
171

Ардагер соғыс кезінен әңгімелер айтып, өз ризашылығын білдірді.


«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: Сарыағаш жастары 101 жастағы ардагердің ауласын тазалады

Сарыағаш жастары 101-ге келген ҰОС ардагерінің ауласын тазалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр. «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Сарыағаш ауданының белсенді жастары ҰОС ардагері Эрмохон Ишқонов ақсақалдың үйіне барып, ауланы қоқыстардан тазалау жұмыстарын жүргізді.


Тазалық жұмыстарына жастармен бірге аудандық «Amanat» партиясының төрағасы Қ.Қыстаубаев белсене атсалысты. Ардагер соғыс кезінен әңгімелер айтып, өз ризашылығын білдірді. Сондай-ақ жастарға ақ батасын берді.


Айта кетейік, Ұлы Отан соғысының ардагері 1923 жылы 1 қаңтарда Ташкент облысы, Калинин ауданында дүниеге келген. 1942 жылы 5 мамырда әскер қатарына шақыртылып, соғысқа аттанған. 1945 жылдың аяғында, аяғынан жарақат алып, жарақатына байланысты Ташкент облысына қайтарылып, 1946 жылы 13 ақпанда Қырғызстандағы авиациялық бөлімге жіберілген. 1948 жылы әскери қызметін аяқтаған. I дәрежелі «Отан соғысы», «КСРО Гвардиясы», «Мінсіз қызметі үшін», «Ерлігі үшін» т.б медальдармен марапатталған. Ардагердің ерлігі ұрпаққа үлгі, жастарға рух береді.