ЧЛ: «Боруссия Дортмунд» өз алаңында ПСЖ командасын жеңді

0
265

Кездесу барысында командалар алғашқы минуттан бір-бірінің қақпасына гол соғатын мүмкіндікті іздеді.


ЧЛ: «Боруссия Дортмунд» өз алаңында ПСЖ командасын жеңді

ERNUR.KZ. Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы екінші ойында Германияның «Боруссия Дортмунд» клубы Францияның «Пари Сен-Жермен» командасынан басым түсті, деп жазады inform.kz.

Кездесу барысында командалар алғашқы минуттан бір-бірінің қақпасына гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Сол мақсатта қос команда тарапынан толассыз шабуылдар ұйымдастырылып, қызықты ойын өрбіді.

Ойынның 36-минутында германиялық клуб сапынан Никлас Фюллькруг соққан жалғыз гол кездесу тағдырын шешті. Осылайша «Боруссия Дортмунд» өз алаңында 1:0 есебімен басым түсті.

Германиялық команда бұған дейін 1997 жылы Чемпиондар лигасында топ жарса, «Пари Сен-Жермен» әзірге мұндай жоғары жетістікке қол жеткізе алған жоқ.

Еске салсақ, жартылай финалдағы тағы бір ойында «Бавария» мен «Реал Мадрид» тең түскен болатын.

Жартылай финалдың қарымта ойындары 7-8 мамыр күндеріне белгіленген. Финал 1 маусым күні Англияның «Уэмбли» стадионында өтеді.