Шымкенттегі қысқы спорт мектебі өз жұмысын бастады

0
1 156

Әлемдік деңгейдегі жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп жүрген мектепте 400-ден астам шәкірт спорттың 5 түрімен шұғылданады.


Шымкенттегі қысқы спорт мектебі өз жұмысын бастады

Шымкент қаласындағы №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервіне балалар мен жасөспірімдер мектебі құрама командалары жаттығуын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде Мұзсарайында спортшыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында мұз айдынын құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №39 қаулысында 30 адамнан аспайтын ұлттық құрамалар үшін жаттығу процесіне рұқсат бергеннен кейін басталды.

Әлемдік деңгейдегі жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп жүрген мектепте 400-ден астам шәкірт спорттың 5 түрімен шұғылданады. Олар - әмбебап жекпе-жек, фристайл, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және шайбалы хоккей. Спорт мектебінің болашаққа жоспары көп. Олар алдағы уақытта өтетін Қазақстан чемпионаты мен қысқы Азия ойындарына шорт-трек пен мәнерлеп сырғанау спорт түрі бойынша қатысуға үміткер.