Жақсылық Үшкемпіровпен қоштасу рәсімі жабық жағдайда өтеді

0
828

Даңқты спортшымен қоштасу рәсімі пандемияға байланысты жабық режимде өтеді.


Жақсылық Үшкемпіровпен қоштасу рәсімі жабық жағдайда өтеді

ERNUR.KZ. Марқұм Жақсылық Үшкемпіровтің отбасы қайғысымен бөлісіп, көңіл білдірген жандардың барлығына, сондай-ақ қоштасу рәсіміне қатысты алаңдаушылық танытқандарға да өз ризашылығын білдірді, деп жазады zakon.kz.

Сондай-ақ даңқты спортшымен қоштасу рәсімі пандемияға байланысты өз туған-туыстары, жақын-жамағайы ортасында жабық режимде өтетінін де ескертті.

"Қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, марқұмның асы еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдай оң шешімін тапқаннан кейін ғана өткізіледі", деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 2 тамызда қайтыс болды.