Түбіртектер мен шот-фактураларға талдау жасалады

0
253

Олардың негізінде қандай сауда субъектісінің үстемені асыра қосып жатқаны белгілі болады.


Түбіртектер мен шот-фактураларға талдау жасалады

ERNUR.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрлігі азық-түлік сататын үй жанындағы дүкендердің үстемені асыра қосуы деректері бойынша тексеру тетігі қалай іске асырылатынын түсіндірді, деп жазады zakon.kz.

"Бұл тексерулер санына әсер етпейді. Осы ретте үлкен деректерге талдау жасау арқылы, яғни цифрлық жолмен іске асырылады. Атап айтқанда, осыған дейін фискалдық органдар мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жүргізген ауқымды цифрландыру елеулі әсер етеді", - деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Жақсылықовтың айтуынша, түбіртектер мен шот-фактураларға талдау жасалады.

"Олардың негізінде қандай сауда субъектісінің үстемені асыра қосып жатқаны белгілі болады. Тексеруге ешкім келмейді. Мұның бәрі автоматты түрде жиналады, жүйе оны есептеп, анықтайды", - деді вице-министр.