Лукашенко Қазақстандағы тәртіпсіздіктер үшін Польшаны айыптады

0
894

Саясаткер әр түрлі мемлекеттердегі тәртіпсіздіктердің артында Варшаваның тұрғандығын жеткізді.


Лукашенко Қазақстандағы тәртіпсіздіктер үшін Польшаны айыптады

ERNUR.KZ. Беларусь президенті Александр Лукашенко Польшаны жылдар бойы ТМД елдеріндегі радикалды оппозицияны ресурстармен қамтамасыз етіп келгенін және Қазақстандағы бүлікте де қалыс қалмағанын айтып айыптады, деп жазады Stan.kz.

Саясаткер әр түрлі мемлекеттердегі тәртіпсіздіктердің артында Варшаваның тұрғандығын жеткізді және олардың барлық жағдайда да қаржылық, техникалық инфрақұрылымдық жоспардың дайындап қойғанын айтты.

“Ресейге іріткі салды. Жау деп тапты. Алайда Ресейді жеңбей тұрып Белоруссияны баса алмайды. Бірақ оларға Қазақстаннан не керек?”,-деп мәлімдеді Лукашенко.

Ол Польшаның бұл әрекетін 2020 жылы болған наразылық басып тасталғаны үшін кек алуға бағытталған деп түйіп, олардың билігінің іштей беларусь жерлеріне көз тігетінін жеткізді.

“Бірақ ең үлкен қорқыныш бұл емес.Варшава мемлекетті бұрын-соңды болмаған милитаризациялауды жүзеге асырды",-деді президент. Алайда ол Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге поляктардың қатысы бар екеніне нақты дәлел келтірген жоқ.