Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім: жәбірленуші мәлімдеме жасады

0
1 000

9 қазанда Алматы әскери соты Тұрлыхановтың ұлына 1 миллион 700 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарды.


Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім: жәбірленуші мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты, бұрын танымал болған қазақстандық балуан Дәулет Тұрлыхановтың ұлымен төбелесте жарақат алған адвокат Анна Чернова сот үкімінен кейін мәлімдеме жасады, деп жазады tengrinews.kz.

9 қазанда Алматы әскери соты Тұрлыхановтың ұлына 1 миллион 700 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарды.

"Көбісі петициия беруді сұрап жатыр, бірақ сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ, ал біз, заңгерлер, оған қалай шағымдануды білеміз. Әлі апелляция бар. Содан кейін заңның қолданылуының біркелкілігі үшін Жоғарғы Сот. Бұл жерде заң мен сот тәжірибесінің біркелкілігі бұзылды деп есептеймін. Сондықтан бұл үкімді қайта қарауға әлі де мүмкіндік бар. Кеше айтқанымдай аппеляцияға береміз. Сосын көреміз", - деп жазды Анна Чернова Instagram-парақшасында.