Дархан Қыдырәлі ерлі-зайыпты журналистердің ұсталуына байланысты пікір білдірді

0
468

Дархан Қыдырәлі бұған дейін журналистерге шабуылдар болған кезде министрлік ресми мәлімдеме жасағанын еске салды.


Дархан Қыдырәлі ерлі-зайыпты журналистердің ұсталуына байланысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының кулуарында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ерлі-зайыпты журналистер Наргиз және Валидимир Северныйдың ұстылауы туралы пікір блідрді, деп жазады ҚазАқпарат.

БАҚ өкілдері министрге кейінгі кезде журналистерді бопсалау бабымен жиі істі болып жатқанын айтып, «Бұл ақпарат алаңын тазалау емес пе?», - деп сұрады.

Дархан Қыдырәлі бұған дейін журналистерге шабуылдар болған кезде министрлік ресми мәлімдеме жасағанын еске салды.

«Мен олай деп ойламаймын. Біз журналистерге шабуыл кезінде әрдайым олардың құқығын қорғадық. Оған қатысты мәлімдемелер жасадық. Шабуылдардың біразы анықталды. Ал енді кейбір әріптестерге келсек, ол журналистік қызметіне қатысты емес. Егер ол жерде бопсалау немесе басқа да мәселелер болса, ол тергеудің шеңберіне кіреді. Сондықтан жалпы журналистер құқығының бұзылмауына мән береміз», - деді ол.

Министр ерлі-зайыпты журналистер Наргиз және Валидимир Северныйдың мәселесі тергеліп жатқандықтан қандай да бір мәлімет бере алмайтынын айтты.

«Біз қарап отырмыз. Енді тергеуге араласа алмаймыз ғой. Оған байланысты мәлімет болса, мен сіздерге мәлімет беремін... Мен таза журналистік қызмет деп ойламаймын. Оған байланысты біз тиісті құрылымнан мәліметтер сұраймыз. Тергеу жүріп жатқандықтан мен бұған байланысты мәлімет айта алмаймын. Бұл олардың журналистік қызметіне байланысты емес. Соған байланысты мен коментарий бере алмаймын», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.