Аймағамбетов мәжіліс депутаттығына ұсынылды: "Amanat" кандидаттар тізімін бекітті

0
560

​"Amanat" партиясының кезектен тыс съезінде мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілді.


Аймағамбетов мәжіліс депутаттығына ұсынылды:

ERNUR.KZ. Үміткерлер арасында бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов және танымал айтыскер Ринат Зайытов бар, деп жазады sputnik.kz.

"Amanat" партиясы мәжіліс сайлауына барлығы 119 кандидат ұсынды. Партиялық тізім бойынша 90, ал бірмандаттық округ бойынша 29 адам енгізіліп отыр.
Алдағы мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша түсетін кандидаттардың арасында бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, таннымал айтыскер ақын Ринат Зайытов, журналист Нартай Аралбайұлы, "Қазақстан КВН Одағы" қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен, боксшы Фируза Шәріпова бар.
Сондай-ақ, мәжілісті басқарған, "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов та алдағы сайлауда депутат мандатына таласады.
"Amanat" партиясының кезектен тыс съезінде сайлауға қатысатын үміткерлер тізімін бірауыздан бекітілді.
Ал мәслихат депутаттығына партиядан 3821 кандидат ұсынылды. Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді.