Солтүстік Қазақстанда тоғыз адамнан тұратын отбасы иіс тиіп ауруханаға түсті

0
218

Балалардың ең кішкентайы – 6 жаста.


Солтүстік Қазақстанда тоғыз адамнан тұратын отбасы иіс тиіп ауруханаға түсті

ERNUR.KZ Айыртау ауданында бір үйдің 9 адамы иіс тиіп уланды, деп жазады Petropavlovsk.news.



Бұл оқиға Антоновка ауылында болған. 25 сәуірде шұғыл желіге 34 жастағы әйел мен оның кәмелет жасқа толмаған 8 баласының иіс тиіп уланғаны туралы ақпарат түскен. Балалардың ең кішкентайы – 6 жаста. Барлығы аудандық ауруханаға жатқызылды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, пешті пайдалану ережелері бұзылған. Көпбалалы отбасы ол үйге үш күн бұрын 23 сәуірде ғана көшіп барған. Пешті жаққанда мұржаны іштен тым ерте жауып қойған. Сол кезде түтін үйге кіріп кеткен.
"Бұған дейін төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ол үйге де барып, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірген. 23 сәуірде газдың датчигін де орнатқан", - дейді құтқарушылар.
Осы орайда мамандар үйдегі пешті үнемі тексеріп отыруға кеңес беріп отыр.