Ақтөбеде үлескерлер құрылыс компаниясына 2,5 млрд беріп, сан соғып қалды

0
159

Тергеу облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтің жеке бақылауында болған.


Ақтөбеде үлескерлер құрылыс компаниясына 2,5 млрд беріп, сан соғып қалды

ERNUR.KZ Ақтөбеде прокурорлар үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдаған құрылыс компаниясының басшыларына қатысты істі тергеп, сотқа жіберді, деп жазады kaz.inform.kz.

Ақтөбе облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігі («Алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу») бойынша қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтің жеке бақылауында болған.

«2019-2023 жылдары Safina тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А., Ақтөбе қаласының 12-ші және «Алтын Орда» шағын аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд теңгесін иемденген», — делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, биыл 25 сәуірде Ақтөбе қаласының прокуратурасы 2 күдіктіге қатысты қылмыстық істі Ақтөбе қаласының № 2 сотына жолдаған.

Облыс прокуратурасы қазақстандықтарға қырағы болуға және алаяқтардың айласына түсіп қалмауға шақырады.