Түркістанда жол құрылысы қарқынды

0
168

9 көшеде тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.


Түркістанда жол құрылысы қарқынды

Түркістан қаласында жол сапасын жақсарту мақсатында бірнеше ірі жобалар дайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде жобалар аясында жол құрылысы қарқынды жүргізілуде. Атқарылған жұмыстардың көрсеткішіне тоқталар болсақ, жыл басынан бері 10 көше орташа жөндеуден өтіп үлгерген. Олар: Шалкиіз Жырау, Марқасқа жырау, Қазтуған жырау, Сарқырама, Жерұйық, Ақтанберді жырау көшелері мен Асан қайғы - А.Юсупов аралығындағы көше, Гаухар ана көшесі (сарқынды су жүйесі аяқталған аумағы), А.Юсупов көшесі, Әйтеке би көшесінің тұйығы.


Қазіргі уақытта аталған жұмыстар Меркі - Шәуілдір тас жолы аралығында, Асан қайғы өткелінде, Асан қайғы - А.Юсупов аралығындағы көше мен Ғ.Мүсірепов, Ж.Еділбаев, Ғ.Мұратбаев - Әйтеке би аралығындағы көшелерде жалғасуда.


Одан бөлек, жыл басынан бері 86,3 шақырымды құрайтын 111 көшеге тас төселіп үлгерсе, 9 көшеде тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ шаһарда кең жолақты бірнеше көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жасалуда.


Атап айтқанда, Қазыбек би - О. Жарылқапов аралығында жаяу жүргіншілер жолы салынып, жол жиектастары, суағар науалар орнатылуда. Инфрақұрылым жүйелерінің орны ауыстырылып, асфальт төсеу үшін жол негізі әзірленуде.


Қазыбек би мен І.Қожабаев көшелері толық реконструкциялаудан өтуде. Қазыбек би көшесінде тұрғындар сұранысы бойынша көпір салынса, І.Қожабаев көшесіндегі құрылыс жұмыстары аяқталуға жақындаған.


Қазіргі таңда, биылғы жоспарға түзілген 94 көшеге (89,6 шақырым) асфальт төсеу үшін коммуникация жүйесі толық жүрген, топырағы табиғи тапталу кезеңінен өткен көшелерде жол негізін дайындай жұмыстары атқарылуда.