Жанармай үнемдеудің ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

0
2 939

Дәл қазіргі қымбатшылықта бұл туралы білгеніңіз жөн.


Жанармай үнемдеудің ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Өздеріңіз білетіндей, бірер күнде елімізде жанармай бағасы қымбаттайды. Сондықтан кез келген адам үшін жанармайды үнемдеудің әдістерін біліп жүрген дұрыс.


1. Жүргізу стилін өзгерту

Жанармай шығынына ең қатты әсер ететін экономикалық фактор емес, көлік жүргізу стилі. Фин ғалымдарының зерттеу нәтижелері бойынша, көлік жүргізудің қисынсыз стилімен жанармайдың артық шығыны жылына 300 литрге жетеді екен. Негізі, көлікті қаншалықты жиі үдетіп, тез баяуласаңыз, отын шығыны соғұрлым аз болады. Бірқалыпты қозғалу мен тұрақты жылдамдықты сақтау да дұрыс шешім. Ал, газ педальін қатты бассаңыз, отын шығыны ондаған есе артады. Бағдаршамға келгенде де тежеу жолын қысқа еткен дұрыс. Егер, көлігіңіздің берілісі механикалық болса, берілісті уақытында ауыстырып, жоғары жылдамдыққа тезірек жеткізіңіз. Сонымен қатар, төртінші немесе бесінші берілісте 60-70 км/сағ. Жылдамдықпен бірқалыпты қозғалу жанармайды үнемдеуге айрықша әсер етеді екен. Дегенмен, автоматты беріліс қорабы отын шығынын арттырады. Үнемдеу үшін газ педальін мүмкіндігінше бірқалыпты басу қажет.


2. Көліктің техникалық жағдайын бақылау

Егер, автокөлікке техникалық қызмет көрсетуден ақша үнемдесеңіз, бензинге көп ақша жұмсайсыз. Себебі, көліктің жай-күйіне қарап, қамқорлық жасағанның арқасында жанармайды үнемдеп қана қоймай, қауіпсіздікті де қамтамасыз етесіз. «Свечаларды» уақытында ауыстырып, оларда күйе бар-жоғын тексеріңіз. Ауа мен отын сүзгілерін таза ұстаңыз. Сондай-ақ, шинаның қысымы туралы ұмытпаңыз: дөңгелек ішіндегі қысымның 0,5 деңгейге төмендеуі отынның артық шығынын жылына 6 литрге дейін арттырады екен.


3. Мотор майын дұрыс таңдаңыз

Көлігіңізге сапалы мотор майын таңдап, тұтқырлығы төмен синтетикалық және жартылай синтетикалық қосылыстарға артықшылық беріңіз. Олар қозғалтқыштың қозғалатын бөліктері арасындағы үйкелісті азайтады және жанармай шығынын жылына 80 литрге дейін төмендетуі мүмкін. Қазір арнайы "энергияны үнемдейтін" майлар да бар.


4. Жүк көлігінің артында жүру

Бұл да жолда жүргенде жанармай үнемдеудің өте тиімді әдісі. Дәлірек айтсақ, трассада кетіп бара жатқан үлкен көліктің артында 2-5 метр қашықтықта жүресіз. Осылайша, сіздің көлігіңіз ауа кедергісін сезінбей, көп отын үнемдейсіз. Бірақ, бұл әдіс тек тәжірибелі жүргізушілерге арналған. Өйткені, жүк көлігінің артында жүріп жолды көру қиындайды. Кейде олардың тоқтағалы жатқанын да байқамай қаласыз. Сосын, басып озатын кезде абайлау қажет. Сондықтан отынды осылай үнемдейтін кезде өте сақ болыңыз.



5. Терезелерді жабу

Ашық терезелер «парашют» принципі бойынша әрекет етеді. Яғни, жоғары жылдамдықта олар аэродинамиканы айтарлықтай нашарлатады. Ал, ауаның кедергісін жеңу үшін көп энергия қажет және көп отын жұмсалады. Сондықтан жоғары жылдамдықпен қозғалған кезде кондиционерді қоса салған дұрыс.

6. Артық заттар салмаңыз

Көлік неғұрлым ауыр болса, оның қозғалысына соғұрлым көп отын жұмсалады. Яғни сіз тасымалдайтын жүктің арасынан қажет еместерін түсіріп тастау арқылы бензин үнемдей аласыз. Сондай-ақ, қажет болмаса, шатырдағы жүксалғышты алып тастаған абзал. Өйткені, бұл біріншіден автомобильдің салмағын арттыратын болса, екіншіден аэродинамиканы нашарлатады.


Бұл қарапайым ережелер отын шығынын 20% - дан 30%-ға дейін азайтуға және көлігіңізге жұмсалатын қаржыны азайтуға көмектеседі!


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


МОТОР МАЙЫ туралы көп айтылатын 7 ҚАТЕ пікір

Жаздық шина таңдап жүрген жүргізушілер БІЛУІ ТИІС