Жаңалықтар

Су тасқынына байланысты прокуратура үш облыста сотқа дейінгі тергеуді бастады

​Жергілікті атқарушы органдар біржолғы материалдық көмек төлеуге кірісті.

Су тасқыны: Атырау облысында құтқарушылар екі адамның денесін тапты

1974 жылы туған ер адам досымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда, жолдан шығып аударылған.

Ақтауда кафеге келген бір топ адам атыс шығарды

Куәгерлердің айтуынша, бір топ адам есепшотты төлемей мекемеден кетіп қалмақ болған, кафе қызметкерлері бұған жол бермеуге тырысқан.

​ Құлсарыда су тасқыны кезінде екі адам жоғалып кетті

Су тасқыны аумағынан эвакуацияланғандардың дені әйелдер, балалар және мүгедек жандар.

​БҚО-да қосымша 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды

581 тұрғын үй мен үй маңындағы алаңдары су астында қалды.

Алапат тасқын мен алғашқы құрбандар: Ресейдің Орынбор облысында су бөгеті құлады

Орск қаласындағы бөгет Жайық өзенінің ағынын ұстай алмай, екі жерден жарылған.

Су тасқыны болған жерде 3 мыңға жуық дәрігер қызымет атқарып жатыр

Төтенше жағдайларда медициналық ұйымдар тәулік бойы жұмыс істейді, әрбір науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлер тарапынан қолдау көрсетіледі.

Шымкенттен Атырауға көмек керуені жолға шықты

Шымкент қалалық ҚХА, этномәдени бірлестік мүшелері, кәсіпкерлер екі күннің ішінде қаланың екі бұрышынан арнайы бекет ашып, 20 тоннаға жуық көмек жинады.

Өзендерде су деңгейінің көтерілуі және тұман: 14 облыс пен Астанада ескерту жарияланды

Қостанай облысында Үй өзенінде су көтерілуі байқалады.

Ұлы Жем өзені арнасын бұру үшін жару жұмыстары басталды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев жауапты мамандармен бірге жүріп жатқан жұмыстарға аэровизуалды тексеру жүргізді.