Тег: жаңалықтар

Ғафуржан Сүйімбаев Қазақстан чемпионатының 2020 жылдағы ең үздік қорғаушысы атанды

Футбол клубтарының жетекшілері, бас бапкерлері, капитандардың дауыс беруінен кейін Ғафуржан үздік атанды.​

Елдегі төрт түліктің паспорты электронды форматқа көшірілуі мүмкін

Бұл осы саладағы қағазбастылық пен қызмет көрсету уақытын азайтады және бюджет қаржысын үнемдейді.

Сайлауға 6 халықаралық ұйым мен 18 мемлекеттен 276 байқаушы тіркелді

26 желтоқсанынан бастап азаматтарға тиісті сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар тізімдерімен танысуға, сондай-ақ оларға енгізілген сайлаушылар туралы деректердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік берілді.

Украиналықтар Димашты Жаңа жылмен ерекше құттықтады

Киевтің орталығында елдің басты шыршасы орнатылған Әулие София соборының қоңырау мұнарасының қасбетіне интерактивті құттықтау ілінді.

Қазақстанда Жаңа жылға орай ұшақ рейстерінің кестесі жарияланды

Халықаралық әуе рейстер Жаңа жыл қарсаңында 12 елде 19 бағыт бойынша орындалатын болады. Сондай-ақ, осы кезеңде жергілікті авиажелілер бойынша ұшу кестесі өзгеріссіз қалады.

"Атырауда коронавирус өршіп тұр": Министрлік желіде тараған хабарламаға пікір білдірді

Теңізде коронавирусты таратпау мақсатында жедел штаб құрылып, карантин шектеулері күшейтілген.

Өзбекстан азаматы екі бірдей дүкенге қарақшылық шабуыл жасады

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеодан күдіктінің дүкенге сатып алушы болып кіргенін көруге болады.

Елордада «Құрақ көрпеден» шырша орнатылды

«Құрақ көрпеден» жасалған ерекше шырша елордадағы «Бәйтерек» монументінің жанына орнатылды.

Атырау облысында сушиден уланған науқастар саны көбейіп жатыр

​Тұрғындардың айтуынша, 24 желтоқсанда олардың барлығы "Үш самурай" дәмханасына тапсырыс берген.

Ауыл мен аудан мектептерін дәстүрлі оқытуға шығаруымыз керек – Бақтиярұлы

Комитет төрағасы еліміздегі білім беру жүйесі үздіксіз реформаланып, түрлі тәжірибелер көп жүргізіліп келе жатқан салалардың бірі екенін айтты.