БасыТег: жаңалықтар
Тег: жаңалықтар
Көктемде 276 елді мекенді су басуы мүмкін – ТЖ министрі
Министр солтүстік және орталық өңірлердің әкімдіктері елді мекендерден қар шығару жұмысын жандандыру қажет екенін ескертті.
Атырауда Covid-19 вакцинациясының екінші кезеңі басталды
Қауіпті инфекцияға қарсы екпе алғандардың қатарында реанимация қызметінің, инфекциялық бөлімшелердің, жедел медициналық көмектің қызметкерлері мен медициналық мекемелердің бірінші басшылары бар.
Қазақстанда коммуналдық қызмет бағасы өсті
Қатты қымбаттаған қызмет қатарына қоқыстарды жинау қосылды
Биыл 22 500 әлеуметтік баспана салынады
Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2019 жылғымен салыстырғанда 33,6 пайызға өсіп, 2 трлн теңгені құрады.
Чехия тұрғындары бірден екі маска тағуға міндеттелді
ЧР билігі бұл шешімді елдегі коронавирус жағдайының нашарлауына және ұлыбританиялық штамның тарауына байланысты қабылдады.
Қазақстанда әлеуметтік әмиян жобасы енгізіледі
Бұл халық пен бизнес үшін транзакциялық шығындарды төмендетуге, қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және қаржы нарығындағы бәсекелестікті кеңейтуге мүмкіндік береді.
Мембағдарлама бойынша қазақстандықтар тек бір-ақ рет баспана ала алады
"Отбасы банкі" базасында тұрғын үйге мұқтаждардың барлығын бір жерден тіркеп, есепке алып, оны қадағалайтын "Тұрғын үймен қамсыздандыру орталығы" құрылады.
Ашуға булыққан алматылықтар шенеунікті батпақтың үстімен жүргізді
Үсті-басы былғанған әкім орынбасары ақыры тұрғындардан қашып тынды.
Өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына үш бөлмелі пәтер берілді
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болды.
Елордалық оқушылар бір жыл бойы театрға тегін барады
Театрларға бару аптасына екі рет өткізіледі және балалар демалатын жазғы айларды есепке алмағанда, жылдың соңына дейін жалғасады.


