Ақпараттар ағымы

Алматыда Finbet букмекерлік кеңсесінің басшылары сотталды

Қазақстанның сегіз өңірінде заңсыз құмар ойынына арналған кеңселер жұмыс істеп келген. Қылмыстық іс бойынша құны 100 миллион теңгеден асатын ақшалай қаражат пен мүлік тәркіленді.

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 31 адам көз жұмды

Бір күнде коронавирустан 27 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 4 адам қайтыс болды.

Өзбекстанда туризм министрлігі құрылды

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев «Туризм, спорт және мәдени мұра саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» жарлыққа қол қойды.

Қазақстандық гимнаст Болгарияда екі алтын медальді жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Болгарияда өткен София кубогында екі алтын және екі қола жүлдені қоржынға салды.

COVID-19: Тағы бір өңір "қызыл" аймаққа өтті

7 сәуірдегі жағдай бойынша Қарағанды облысы "қызыл" аймаққа енді.

Шымкентте өткен тәулікте 72 адамнан коронавирус анықталды

16 адам инфекциялық стационарға жатқызылды.

Көкшетауда үш көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

​Қайғылы оқиға туралы куәгерлердің әлеуметтік желілерде таратқан фотосынан кейін белгілі болды.

Түркістанда түркітілдес елдердің креативті индустриясы қауымдастығы құрылды

Қ.Тоқаев: Түркістан қаласы мәдениеттің, экономиканың діңгегіне айналуы керек.

Су тасқыны қаупіне байланысты 9 облыста жедел штаб құрылды

ШҚО-да еріген қар суынан 1 тұрғын үй мен 3 үй маңындағы аумақ су астында қалды.

Өткен тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Індет жұқтырған адамдар саны 258 917 адамға жетті.