Ақпараттар ағымы

Лондондағы еврей фестивалінде болған жарылыс видеоға түсіп қалды

Оқыс оқиға Лаг ба-Омер мерекесін тойлау кезінде алаудың жанында болған.

"Бішкекте жарылыс жасаймыз деген ИМ мәлімдемесі" тексеріліп жатыр

Қара бетперде киген екі ер адам "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының туы жанында жергілікті биліктен "қарындастары" Мукарам Токтогулованы босатуды талап етіп, әйтпесе "көп қан төгіледі" деген.

Әнші Нұрболат Абдуллин ауылға кеткісі келіп жүргенін мойындады

Белгілі әнші Нұрболат Абдуллин ауылды сағынатынын айтып, бала күнгі естеліктерімен инстаграм желісінде бөлісті. ​

Азаматтар көліктің нөмірін өздері таңдайтын болады

Көлік иелерінде мұндай мүмкіндік осы жылы пайда болады және ол әкімшілік полиция қызметіндегі коррупциялық қатерді жоюға мүмкіндік бермек.

Шахтинскте колония қызметкері сотталушыларды төбелестіріп қойған

Аталған колонияда былтыр наурыз айында Валерий Чупин деген жазасын өтеуші алған соққылардан есін жимастан жан тапсырған еді. Сөйтсе, оны екінші бір жазасын өтеуші оңдырмай сабаған...

Шымкентте дене шынықтыру залында ұрлықпен айналысқан күдікті ұсталды

Ол жаттығу залындағы шкафтарды ашып, әмияндарды ұрлап кетіп жүрген.

Пашинян екінші рет премьерлікке кандидат ретінде ұсынылды

1 мамырда парламент депутаттары оппозиция лидері Никол Пашинянның премьер-министр болуына қарсы дауыс берген. Осыдан кейін Пашинян халықты қайта көшеге шығуға үгіттеген.

​Шымкенттегі танымал «Түркістан моншасы» сүрілетін болды

Қала әкімі орынбасарының сөзіне қарағанда 73 үйдің 33-і, оның ішінде Түркістан моншасының қожайыны өтемақы алған екен. Алайда өтемақы мөлшері жөнінде нақты айтпады.

​Адамдар мәңгі өмір сүретін уақыт анықталды

Адамның генін радиация әсер етпейтін, қартаю мен суық, тіпті қатерлі ісікке де тойтарыс бере алатын етіп өзгертуге болатын көрінеді.

Еркін күрестен Қазақстан чемпиондары белгілі

Шымкент қаласында күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бозкілемге соңғы болып еркін күрес шеберлері шықты.