Сенің өміріңді өзгертетін «БАҚЫТ САНЫ» қандай?

0
4 322

Қарапайым ғана арифметика өміріңізде үлкен мүмкіндіктерге жол ашады


Сенің өміріңді өзгертетін «БАҚЫТ САНЫ» қандай?

Сағат тіліндегі цифрлар, даталар, телефон нөмірлері, бағалар, PIN кодтар, парольдер... Біз сандармен қоршалған әлемде өмір сүреміз. Жай ғана өмір сүрмейміз, сандар өміріміз бен тағдырымызға әсер етеді. Мұны әркім де растайтын шығар. Тіпті ең бай және ең танымал адамдардың өзі сандар заңына бағынады, олардан көмек күтеді.


Мәселен, голливудтық актриса Пенелопа Крус. Ол нумеролог есептеп берген өзінің «бақыт санын» денесіне таңба етіп салдырып алған. «883» саны оң аяғында суреттеліп тұр. Сондай-ақ, актриса сегіздік оған көп жерде сәттілік әкелгенін бірнеше сұхбатта айтқан екен.


Енді бір танымал тұлға – аргентиналық футболшы Лионель Месси «бақыт санын» мұраға қалдыруға да болатынына сендірді. 2008 жылы спортшыға «Барселона» футбол клубының капитаны және шабуылшысы деген лауазыммен бірге «10» деген нөмір де беріледі. Бұдан бұрын бұл нөмір алты жыл бойы жұлдызды спортшы Роналдиньоға тиесілі болған екен. Месси Роналдиньодан мұраға қалған «10» нөмірінің құдыретін тиімді пайдала алды. Ол аз десеңіз, тіпті, «бақытты ондықтың» күшін көбейткен де секілді. Себебі оның жанкүйерлерінің саны алдыңғы спортшыныкінен де асып, миллиондардың арманына айналды.


«Шанель» брендінің иіссулары нөмірлермен белгіленген. №19, №22, №31... Осылардың ішінде ең танымал, ең көп сатылымға ие өнімі – №5 иіссу (Chanel №5). Сондай-ақ, 1955 жылы сатылымға шыққан «2.55» үлгісіндегі сөмке де культ-модельге айналды. Кутюрье Габриэль Шанель өзінің «5» санын жақсы көретінін жасырмады және бүкіл әлемді «5»-тіктердің иесі болуға шақырды. Соның арқасында мол табысқа, атақ-даңққа кенелді. Неге тап «5» саны кутюрьенің назарына ерекше түсті? Білетіндердің айтуынша, кәсіп, мансап жолын енді бастап келе жатқанда нумеролог-көріпкел Габриэльге «5» саны сәттілік әкеледі деп болжаған екен. Дәп солай болғанын уақыт дәлелдеді.


Өз «бақытты саныңды» анықтау үшін...

Сізге бақыт пен сәттілік әкелетін санды анықтаудың бір жолы бар – нумерологияға жүгіну. Негізгі принцип – сандарды қосу. Туған күніңізді алыңыз, айталық, 15 желтоқсан. Бұл дегеніміз: 15 (күн) + 12 (айдың реттік нөмірі). Есеп 27-ге тең. Егер 1-9 аралығындағы бір таңбалы сан шықса, сол мән сіздің бақытты саныңыз. Келтірген мысалдағыдай екі таңбалы сан шықса, оларды тағы да бір-біріне қосу керек: 2+7=9. Нәтижесінде 15 желтоұқсанда дүние есігін асшан жанның бақытты саны – 9. Міне, осындай қарапайым ғана арифметика сіздің өміріңізде үлкен мүмкіндіктерге жол ашуы әбден мүмкін.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖЕБЕУШІ ПЕРІШТЕҢІЗ қандай заттар арқылы БЕЛГІ береді? Байқамай жүрген жоқсыз ба?

СПОРТ немесе ӨНЕР: Балаңызды қандай ҮЙІРМЕГЕ берген дұрыс?