Солтүстік Қазақстан облысында бір үйдің екі баласы асылып қалды

0
313

Олардың бірінің артында 1,5 жастағы баласы қалды.


Солтүстік Қазақстан облысында бір үйдің екі баласы асылып қалды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында бір үйдің екі бірдей баласы суицид жасады, деп жазады ulysmedia.kz.

Оқиға Айыртау ауданында болған. 28 сәуір күні 22 жастағы келіншек қораға барып асылып қалған. Мұны көрген оның 17 жастағы інісі орманға кетіп, ол да өзіне қол салған.

Айыртау аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне ауданның екі тұрғыны суицид жасады деген хабарлама түсті. Қазір өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр, - деді СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Келіншектің артында 1,5 жастағы баласы қалды.