ТҮРКІСТАН: Жетісайда 200-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды

0
1 316

Мамандығы мен қабілеті тура келген 75 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда 200-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды

Жетісай ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бақармасының «Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жетісай аудандық «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен аудан тұрғындарына арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.


200-ге жуық тұрғын қатысқан аталмыш іс-шараға 53 мекемеден 195 бос жұмыс орындары ұсынылып, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында көрсетілетін жұмыспен қамтудың белсенді шаралары түсіндірілді. Мамандығы мен қабілеті тура келген 75 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.


Аталмыш шараға аудандық «Мансап» орталығының директоры, аудандық мәслихат депутаты Олжас Қаныбеков қатысып, халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту, сонымен қатар халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету, жұмыссыздар мен ҚР-ның Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу мақсатында қабылданған бағдарламаларды түсіндірді. Атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырып, тиімділігіне тоқталды.


«2023 жылдың 22 қыркүйегінде ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің республикалық деңгейде «Еңбек күні» мерекесі ретінде атап өтуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне аудандағы жұмыссыз азаматтар мен арнаулы жоғарғы оқу орындарының бітіруші курс студенттері белсене қатысуда. Мұнда «Мансап» орталығының мамандары келушілерге «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы» және «Күміс жас» бағдарламалары, кәсіпкерлікке бет бұрғысы келетін жастарға мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несиелер бойынша да кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде», — дейді орталық басшысы Олжас Қаныбеков.