ТҮРКІСТАН: Түлкібаста құлпынай өсірушілер саны көбейіп келеді

0
363

10 гектардан астам аумаққа құлпынай егілген.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста құлпынай өсірушілер саны көбейіп келеді

Түлкібаста құлпынай өсірушілер қатары артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданында құлпынай өсіріп, одан пайда көріп отырғандардың қатары артып келеді. Мәселен, биыл аудан аумағына 5 кәсіпкер 10 гектардан астам аумаққа тамшылатып суғару әдісімен құлпынай еккен.


Солардың қатарында Майлыкент ауылдық округіне қарасты Дихан шаруа қожалығы да бар. Қожалық төрағасы Диханбек Дауырбаев есімді кәсіпкер жуырда 2 гектар жерге 70 мың түп құлпынай отырғызған. Онда альбион, азия, клери түрлері бар. 2024 жылы ол жерден тәулігіне 1 тоннаға дейін өнім алуды көздеп отыр.


Диханбек кәсіптің бұл түрін 2 жылға жуық уақыт толық зерттеп, алғашқысын 20 сотық жер теліміне егіп, өнім алып келгенін айтып отыр. Келесі жылы мұнымен тоқтап қалмай құлпынай алқабын 1 гектарға ұлғайтып, сонымен қатар қосымша 4 гектар алқапқа таңқурай егуді жоспарлауда. Бүгінде таңқурай көшеттерін өндірумен айналысатын алматылық шаруалармен келіссөз жүргізген.


Алқап басында кәсіпкермен аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов арнайы барып, кәсібін дөңгелетіп отырған азаматпен кездесті.


Алдағы жоспарларын тыңдап, мемлекет тарапынан қолдау қажет болған жағдайда заң талаптарына сай көмек беруге дайын екенін жеткізді.