ТҮРКІСТАН: Төлебиде тағы бір ауыл газбен қамтылды

0
553

Тұрғын үйлерді көгілдір отынға қосу ісі жалғасып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде тағы бір ауыл газбен қамтылды

Төлеби ауданындағы Қарақия елді мекені толығымен табиғи газға қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде Төлеби табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылы елді мекен ішіндегі жобадан қалып қойған тұрғын үйлерді көгілдір отынға қосу ісі жалғасып жатыр.


Осы орайда аудандағы Қарақия елді мекеніне орта қысымды құбырға газ жіберіліп, іске қосылды. Бұл жүйеден жалпы 14 абонент газды тұтынады. Қазіргі кезде, елді мекендерді газдандыру ісі аудан аумағында кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Айта кетсек, Қарақия елді мекенінде 62 абонент (үй), 343 тұрғын тұрады.


Қазіргі таңда аудандағы 55 елді мекеннің 51-і орталықтанған табиғи газбен қамтылса, 4 елді мекенде әлі де құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, аудандағы 55 елді мекен 100 пайыз орталықтанған газбен қамтылатын болады.