ТҮРКІСТАН: Шұбайқызыл шоқысына тазалық жұмыстары жүргізілді

0
231

Шұбайқызыл шоқысы – Түркістан облысының Түлкібас ауданында орналасқан.


ТҮРКІСТАН: Шұбайқызыл шоқысына тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы бойынша Шұбайқызыл шоқысына тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды жалғасып жатыр. Түлкібас аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы бойынша “Киелі мекен” апталығы аясында аудандағы тарихи төбешік – Шұбайқызыл шоқысына тазалық жұмыстары жүргізілді.


Шұбайқызыл шоқысы – Түркістан облысының Түлкібас ауданында орналасқан. Бұл жерде көктемде «Қазақстанның Қызыл кітабына» енген грейг қызғалдағы гүлдейді. Ғасыр бойы «Красная горка», кейіннен «Қызыл төбешік» деп аталып келген жерге қарымды қаламгер Мархабат Байғұттың бастамасымен «Шұбайқызыл шоқысы» атауы қайта берілген болатын.


Жұмыс барысында төбешік түрлі қоқыстардан, артық ағаш бұтақтарынан тазартылды. Іс-шараға ерікті жастар мен тұрғындар атсалысты.