Түркістан облысында 47 тонна дизель тәркіленді

0
269

683 020 теңгеге айыппұл салынды.


Түркістан облысында 47 тонна дизель тәркіленді

Түркістан облысында3 тәулікте 47 тонна дизель тәркіленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының мұнай өнімдерінің заңсыз тасымалына тосқауыл қою туралы тапсырмасына сәйкес өңірде рейдтік іс-шара өтті. Басты мақсат – жанар-жағармай бекеттерінде мұнай өнімдерінің жасанды тапшылығының алдын-алу, алыпсатарлыққа және дизель отынына қолдан тапшылық жасауға жол бермеу.


3 тәулікке жалғасқан шарада 2 хаттама толтырылып, 683 020 теңгеге айыппұл салынды. 47 тонна дизель отыны тәркіленді.


Ал арнайы жасақталған жұмысшы топта Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Облыстық полиция департаменті, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департменті, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агентігінің Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Түркістан облысы бойынша көлік инспекциясы, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мамандары бірлесе жұмыс істеді.


Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Абдразақованың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Жанар-жағармайдың заңсыз тасымалы қатаң бақылауға алынған.