Шымкентте этно-мәдени бірлестіктер Наурыз мейрамын тойлады

0
1 333

Қызықты өткен мереке аясында қазақ халқының тұсау кесу, бесікке салу, қыз ұзату, келін түсіру секілді салт-дәстүрінен көріністер қойылып, тоғызқұмалақ, арқан тарту, қазақ күресі секілді ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. Іс-шараға белсене қатысқан азаматтарға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан арнайы сыйлықтар берілді.


Шымкентте этно-мәдени бірлестіктер Наурыз мейрамын тойлады

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында өңіріміздегі этно-мәдени бірлестіктер Ұлыстың ұлы күнін атап өтті. «Армысың, әз-Наурыз!» мерекелік іс-шарасына зиялы қауым өкілдері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, облыстық этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары, ғылыми сарапшылық топ мүшелері, Аналар кеңесінің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Мерекелік шарада алдымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов сөз алып, бүкіл өңір халқы мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері келіп жеткен Наурыз мерекесімен құттықтады. Салтанатты шарада, сондай-ақ. облыстық мәслихаттың депутаты, «Ел бірлігі» депутаттық тобының жетекшісі Әбілқасым Досболов, облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев сөз сөйлеп, көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтады.

Бүгінгі іс-шарада өңіріміздегі этно-мәдени бірлестіктер мерекелік дастархан жайып, Наурыз-көже дайындаған. Көпшілік назарына бұдан кейін арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды. Қызықты өткен мереке аясында қазақ халқының тұсау кесу, бесікке салу, қыз ұзату, келін түсіру секілді салт-дәстүрінен көріністер қойылып, тоғызқұмалақ, арқан тарту, қазақ күресі секілді ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. Іс-шараға белсене қатысқан азаматтарға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан арнайы сыйлықтар берілді.

Айта кету керек, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюына негіз болып келе жатқан Наурыз мерекесін облыстық ассамблея мүшелері жыл сайын атап өтеді.