Ақылбек Жапаров Үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салды

0
351

Мемлекет басшысының барлық жарлығы мен тапсырмасы сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс.


Ақылбек Жапаров Үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салды

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті әкімшілігінің алқа мәжілісінде министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салды, деп жазады inform.kz.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының барлық жарлығы мен тапсырмасы сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс. Министрлер кабинетінің басшысы Садыр Жапаровтың той өткізу кезінде мал союға және ысырапшылдыққа тыйым салу туралы қаулысына жеке тоқталды.

«Егер сіз бір жерде ысырап жасалғанын көрсеңіздер, ол жерге бармаңыз. Тойда жүрмеңіздер», – деді А.Жапаров.

2022 жылдың ақпанында Қырғызстанда іс-шаралар өткізу кезіндегі шектеулер туралы президент жарлығына қол қойылды. Оның мақсаты – азаматтардың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейін арттыру, сондай-ақ қоғамдағы рухани атмосфераға теріс әсер ететін діни жоралар, рәсімдер, басқа да іс-шараларды өткізу кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу.