«АУЫЛ АМАНАТЫ»: Жетісайда жүзден аса жоба қаржыландырылды

0
895

1 млрд. 21,7 млн. теңгенің 176 жобасы мақұлданған.


«АУЫЛ АМАНАТЫ»: Жетісайда жүзден аса жоба қаржыландырылды

Жетісайда «Ауыл аманаты» аясында 102 жоба қаржыландырылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Ауыл аманаты» жобасына Жетісай ауданынан Қарақай, Ж.Ералиев, Қазыбек би және Мақталы ауылдық округтерінің тұрғындары қатысуда. Бүгінде жалпы аудан бойынша өткізілген 1 млрд. 301,3 млн. теңгенің 219 құжатынан «Ырыс» МҚҰ арқылы 1 млрд. 21,7 млн. теңгенің 176 жобасы мақұлданған. Оның ішінде 555,4 млн. теңгеге жасалған 102 бизнес-жоба қаржыландырылған.


Нақтырақ айтар болсақ, Қарақай ауылдық округі бойынша 281,9 млн. теңгенің 55 жобасы мақұлданып, 198,5 млн. теңгеге 41 жобасы қаржыландырылса, Ж.Ералиев ауылдық округінен 32 бизнес-жоспар қолдау тауып, 183,9 млн. теңгеге қаржыландырылған.


Одан бөлек, Қазыбек би ауылдық округінен 125,8 млн. теңгеге 21 жоба, ал, Мақталы ауылдық округі бойынша 8 жоба 47,3 млн. теңгеге қаржыландырылған. 4 ауылдық округ бойынша қаражат алған 102 жоба иесінің 9-ы өсімдік шаруашылығын, 83-і мал шаруашылығын таңдаса, 10 жоба түрлі қызметтерді көрсетуге арналған.


«Ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына қатысушы тұрғындардың 24 жобасы кепіл шартына тұрып жатса, 8 жобаның кепіл шарты халыққа қызмет көрсету орталығында тіркелу үстінде», - дейді Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Марат Айнабеков.